Паспорт гражданина Республики Казахстан — является официальным Паспорт старого образца (название страны по-английски написано без буквы.
Являются гражданами Республики Казахстан, если они не подавали личности гражданина Республики Казахстан или паспорт образца 1974 г. ( СССР). Посмотрите как получить паспорт в случае обмена документа, удостоверяющего личность на документ нового образца. РК (при утрате паспорта гражданина Республики Казахстан временно находившимся за рубежом). Внесены изменения в образцы паспорта гражданина РК, В паспорт гражданина Республики Казахстан могут вноситься следующие. Замена (получение) загранпаспорта старого образца (на 5 лет) загранпаспорт, а также паспорт гражданина СССР образца 1974 года с отметками и. Оформление паспортов гражданам Республики Казахстан, находящимся за утерявших паспорт или предъявляющих паспорта СССР образца 1974. Заполненную анкету установленного образца (учетная карточка) – 1 экз.; 2. заявление в консульский отдел Посольства – 1 экз.; 3. паспорт гражданина.
Паспорт, жеке куәлік алу. Паспорт – 4 АЕК. Жеке куәлігі – 0,2 АЕК. Жеке куәлік алу үшін уақтылы өтініш бермеу үшін – 5 АЕК. Жеделдетіп жасау. 7 жұмыс күні - 1989 теңге;.
10 жұмыс күні- 904 теңге;. 15 жұмыс күні - 563 теңге. Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе немесе тіркелу керек. Паспорт, жеке куәлік қалай алу керектігі туралы бейнероликті қараңыздар. Қызметті онлайн алу.
Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу: фотосуретті (фотосуретке қойылатын талаптар ) қол қою үлгісін қоса беру. Қажет болған кезде қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу. Төлеу туралы толығырақ. Салық органын көрсету.
«ТТК» жолында – 980 (жалпы белгіленген тәртіпті көрсету); әрі қарай- 991 (жеке адамдардан-азаматтардан міндеттемелер бойынша түсімдер). Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе "Сбербанк" АҚ ЕБ дербес шоты арқылы). Төлем картасының/дербес шоттың барлық мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код). Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады. Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы » тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
* Портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты жаңа үлгідегі құжатқа ауыстыру қажет болған кезде алуға болады. Өзге жағдайда қызмет ХҚКО-да немесе өкілетті органда көрсетіледі.
Онлайн қызметті Астана қаласының тұрғындары ала алады. Қызметті ХҚКО арқылы алу ( қажетті құжаттар):. 3,5х4,5 см форматындағы екі фотосүрет;. Құжат үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады.
жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж төлеу. паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеу. Төмендегі құжаттардың бірі:.
туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде);. ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бiрiншi рет паспорт алған кезде);.
iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде). Қызметті портал арқылы алу үшін.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу;. Графикалық файл түріндегі өлшемі 3,4х4,5 сантиметр цифрлық фотосурет;. Графикалық файл түрінде сканерленген нұсқадағы 7х2 сантиметр форматтағы жеке қолы. Көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама жолданады. Жеке куәлiкке және (немесе) паспортқа ресiмделген жағдайда өтiнiш берушi құжат ресiмдеген кезiндегi жасына сәйкес келетiн, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын мөлшерi 3,5х4,5 см екi фотосурет ұсынады. Фотосуреттер фотобаспа әдiсiмен бiр негативтен қалың фотоқағазға басылуы қажет.
Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар тапсырған кезде фотосуретке түсу мүмкіндігі бар. ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республиканың аумағында қолданыста болады. Қазақстан Республикасының азаматына жеке куәлік он жыл мерзімге беріледі.
ҚР азаматының паспорты азаматтардың тілегі бойынша, жасына қарамай беріледі және ол иесінің ҚР аумағынан тыс жерге баруы кезінде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі.
Паспорттың қолданыста болу мерзімін уәкілетті орган тағы бір жылға ұзарта алады. ** Мемлекеттiк баж тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленуi тиiс. ҚР азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн беру кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:. Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi;. Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» атақтарын алған адамдар;.
«Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңiнде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi;. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;. Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар. Қызмет көрсету нәтижесі. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке куәлiгiн беру.